Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы деген екен: Қазақстан президентінің 7 әзілі

Ел аузында елбасының әзілі, шешендігі мен даналығы айтылып жүреді. Осы орайда «ҚазАқпарат» елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың естелікке айналған ең үздік әзілдерін ұсынды.

20170703160203

1) Теміртау қалалық тарихи-аймақтық музейдің директоры Наталья Скорикованың Нұрсұлтан Әбішұлына: «Сізге 8 миллион әйел ғашық!» дегені бар. Нұрсұлтан Әбішұлы да тың мақтауға тосылып қалмай: «Онда Сүлеймен Сұлтан демала тұрсын» деген екен. (2015 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында айтылған сөз).

2) Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа іссапары барысында Американың президенті Джордж Уокер Бушқа кірмей тұрып, оның әкесі Американың 41-президенті Джордж Герберт Уокер Бушқа бас сұғады. Нұрсұлтан Назарбаев ардагер саясаткердің үйінде бір түн қонақ болып, ертесінде оянса Джордж Герберт теңіз жағасында отырған екен. Нұрсұлтан Әбішұлы сол жолғы сапарды былайша еске алады: «Ол маған «Сен қазір Вашингтонға барасың. Онда ресми сапарың, жұмысың басталады. Мүмкін маған қояр сауалың болар?» деп сұрады. Мен ешқандай сауалдың жоқтығын, тек ескі досыма қонаққа келгенімді айттым. Джордж Герберт «Елдің көбі мен оның әкесі болғанымдықтан, қолыма таяқ алып, оны Ақ үй айнала қуып жүреді» деп ойлайтын шығар. Ал мен қазір тек Американың қарапайым азаматымын. Десе де, бір шаруаңа көмектесе аламын. Сен Ақ үйге кірген кезде оған 41-президент алдағы сенбіде 43-президенттің әкесінің кім екенін танытатынын айт», – деді». Назарбаев «ыңғайсыздау болады ғой» дегеніне қарамастан, Джордж Буштың әкесі «сөзімді қаз-қалпында жеткіз. Содан кейін араларыңда жайлы ахуал қалыптасады» дегенінен таймапты. Ақыры, бәрі де үлкен Джордж Буштың айтқанындай болады. Нұрсұлтан Әбішұлының аузынан әкесінің сөзбе-сөз сәлемін тыңдаған АҚШ президенті Джордж Буш қарқылдап күліп жіберген екен.

3) Татарстан президенті Рустам Минниханов:  «Біздің делегация өте жоғары деңгейде Сабантойды өткізді. Сізге рахмет! Қазақстанда біздің 220 мың татар өмір сүретінін білеміз…» дей бергенде Нұрсұлтан Әбішұлы: «Олар сіздің емес, біздің татарлар!» деп әзілмен бір-ақ кесіпті.

4) Біздің Үкімет толық құраммен Жаңа жылды Үкімет үйінде қарсы алғалы отыр. Өйткені: «Жаңа жылды қайда қарсы алсаң, бір жыл бойы тура сол орында қаласың» деген ырым бар (Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылдың 29 желтоқсанында Астанада өткен жаңажылдық балда сөйлеген сөзі).

5) Әділбек Жақсыбеков: «Алғашқы жылдары Астанада Нұрсұлтан Назарбаев жанар-жағармай бекетін ашуды тапсырды. Мұнай компанияларының басшыларының бәрін жинап алды да «Тым болмағанда жанар-жағармай бекетін ашыңдар» деп тапсырма берді. Кәсіпкерлер ашты». Нұрсұлтан Назарбаев: «Өйткені, қала қап-қараңғы еді. Ал жанар-жағармай бекеті әрдайым солардың есебімен жарықтандырылатын. Барлық жерде бекеттің бары – қаланы жарықтандыру мәселесін де шешетін еді».

6) Назарбаев 2014 жылы Павлодар облысының қымыз өндіретін шағын зауытына бас сұғады. Зауыттың басшысы әйел екен. Елбасымен тұңғыш кездесіп тұрғандықтан, аздап толқып кетсе керек: «Тәулігіне бір тонна қымыз өндіреміз. Сіздің шағын және орта бизнесті дамытуға қосқан қолдау мен көмек көрсетіп жатқаныңызға шын көңіліммен рахмет айтамын. Сізге қарап көңілім жай» деп үнінде діріл пайда болады. Кәсіпкердің сөзін іліп әкеткен Нұрсұлтан Әбішұлы «Сөзіңізге қарап қымыз ішкіміз келіп кетті ғой» деп айналаны ду күлдіріпті.

7) «Жуырда менен шетелдік сарапшылар «Алматыда қар жаумай қалса қайтеміз» деп сұрап жатыр. Мен еркін ғана «Астанадан әкелеміз» деп жауап бердім. Құдайға шүкір, Алматыда қазір қар жеткілікті». (Алматы, 2017 жылдың 29 қаңтары, Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ашылуында сөйлеген сөзі).

Тағы да оқыңыз:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 77 жасқа толды

Бүгін елімізде Астана күні тойланып жатыр

Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы ең қымбат лайнерлер тізіміне кірді

Талқылау