Экс-министр Ермек Маржықпаев отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен босатқан Туризм және спорт министрі мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Экс-министр Ермек Маржықпаев президент пен үкіметке алғыс білдірді.
“БүгінТуризм және спорт министрі лауазымындағы қызметім аяқталды. Бұл менің өмірімдегі өте маңызды кезең болды. Президент пен үкіметке маған артқан сенімі үшін, сондай-ақ әріптестеріме бірлесе жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін. Отандық туризм мен спортта қолға алған бастамалар алдағы уақытта жалғасын тауып, жемісін береріне сенемін”, – деді ол.
Айта кетейік, Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымына 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған еді. Ол араға 1 жыл салып 2024 жылдың 31 тамызында президент жарлығымен қызметінен босатылған.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі