Экологтар Қазақстанға жақындап келе жатқан экологиялық апат туралы дабыл қақты
Фото: gov.kz/Сорбұлақ көлі
Экологтар Қазақстанның бірнеше елді мекенін қамтуы мүмкін экологиялық апат туралы дабыл қақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Алматыда өткен халықаралық қоршаған ортаны қорғау күніне арналған жиында эколог Мэлс Елеусізов мәлімдеді.
"Мен осы мәселе туралы 35 жыл бойы айтып келемін, бірақ бәрі мен жай ғана айтып жүр деп ойлады. Алайда менің айтқанымның бәрі расталды. Қазақстанның гидрогеология институты бәрін дәлелдеді. Егер Сорбұлақ бөгеті жарылса, бір жарым аудан жермен-жексен болады, Балқаш ауданы мен Іле ауданының бір бөлігі су астында қалады. Егер Сорбұлақ жарылса, онда миллиард куб метр су ағады, ал бұл сел жағдайында 55 миллиард куб метр су болады. Бұл төрт Қапшағай су қоймасына жуық. Мен бұған дейін шараларды ұсынғанмын, олар әлі де өзекті. Табиғат қамыс өсірген, ол суда тұрып, суды тазартады. Бұл табиғаттың өзі ойлап тапқан әдісі. Бұл өте арзан және тиімді технология. Сонымен қатар лазерлік тазалау бар – ол бактериялар мен басқа да зиянды заттарды жояды. Жердің беткі қабатының астында не болып жатқанын мұқият зерттеу қажет. Ол жерде өте сейсмикалық белсенді аймақ, ал көлдің ауданы шамамен 60 шаршы километр болғандықтан, тағы екі балл қосылады. Сондықтан қауіп бізге жақындап келеді. Бұл техногендік апат болады", – деді эколог, "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов.
"Каспийдің тартылуына байланысты 5 миллион қазақстандық көшуге мәжбүр болады": Депутат дабыл қақты
Экологиялық апат белгісі: Маңғыстауда мұнайға былғанған құстың видеосы тарады
Экологтардың айтуынша, Алматы қаласының маңындағы Сорбұлақ көлі кез келген сәтте жарылып кетуі мүмкін. Экологтар билікке бұл мәселені шешу үшін шара қабылдауды бірнеше рет өтінген.
Сорбұлак көлінің бөгеттерінің жарылу қаупі бар екені туралы 2019 жылы хабарлаған еді. Сондай-ақ апаттың себебі ретінде жер сілкінісі де болуы мүмкін екені айтылған.
Бұл мәселе эколог мамандар тарапынан 2024 жылы да көтерілген еді.
Еске салсақ, бұған дейін депутат Алматының экологиялық мәселесін қалай шешуге болатынын айтқан еді.