"Экологияға 300 млн теңгеден аса залал келтірілген": Шығыс Қазақстанда заңсыз кен өндіргендерден 382 миллион теңгенің алтыны тәркіленді
Фото: Видеодан скрин
Шығыс Қазақстан облысында ''EastGoldStone'' ЖШС екі жыл бойы лицензиясыз алтын өндіргені анықталды. Экологиялық залал 300 миллион теңгеден асты, тінту кезінде 6 келі алтын тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы департаменті ұлттық қауіпсізді комитетінің департаменті және прокуратурамен бірлесіп, Ұлан ауданы Шыбынды өзенінің аңғарында ''EastGoldStone'' ЖШС бағалы металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісін анықтады.
Күдіктілер заңнама талаптарын бұзып, лицензиясыз екі жыл бойы өзен арнасын өзгерте отырып заңсыз алтын өндірген. Кен өндіруде ауыр арнайы техника мен кенді қайта өңдеуге арналған өнеркәсіптік жабдық қолданылған. Кәсіпорын заңсыз қызметі салдарынан келтірілген тек экологиялық залал 300 миллион теңгеден асты.
Тінту барысында құны 382 миллион теңге болатын 6 келі алтын тәркіленді. Ұйымдастырушы екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық сот-процессуалдық кодекстің 201-бабына сай кей ақпарат жарияланбайды.
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында әйел 13,5 миллион теңгелік алтынды жыныс мүшесіне салып өтпек болған
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық ер адам криптовалютадан заңсыз 400 миллион теңге пайда тауып, Дубайға қашып кеткенін жазған едік. Бас прокуратура мен қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері криптовалютамен заңсыз сауда жасағаны үшін Қазақстан азаматын Дубайдан экстрадициялады. Күдікті 2022-2024 жылдар аралығында тиісті лицензиясыз "Binance" криптобиржасының платформасында жеке тұлғалар үшін цифрлық активтерді сатып алу, сату және айырбастауды жүзеге асырып, 400 млн теңге заңсыз табыс тапқан.
"Адамды қалай өлтіруге болады деп ашық іздеген": Яна Легкодимованың өлімі бойынша тергеуші істі қалай ашқанын баяндап берді