Экология министрлігі тұран жолбарысын көбейту үшін 1 млрд теңгеден астам қаржы сұрады
Экология министрлігі тұран жолбарыстарын көбейтуге жағдай жасау мақсатында 1,1 миллиард теңгеден астам қаржы сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Өтініш "Ашық бюджеттер" сайтында жарияланған.
Министрлік қаржы жолбарыстарға қажетті жағдай жасауға және Ұлытау тау массивінің табиғи әрі тарихи-мәдени орындарын сақтау үшін қажет деп көрсеткен. 2025 жыл үшін 778 726 000 теңге, ал 2026 жылға 370 148 000 теңге сұраған.
2010 жылы Қазақстан елде жолбарыс тұқымдарын қайта жандандыру идеясын қолдады. Осы мақсатпен 2024 жылы Қазақстанға Нидерландыдан амур жолбарыстары жеткізілді. БҰҰ қолдауымен "Іле-Балқаш" табиғи қорығында жолбарыстарға арналған вольер орталығы құрылып, қазір олар сол жерде өмір сүруде.
Министрлік мәліметінше, амур және тұран жолбарыстары жеке түрлер емес. Қазақстанға жеткізілген жолбарыстар аумақтық белгі бойынша автоматты түрде тұран популяцияның бөлігі болып саналады.
Қазіргі уақытта "Іле-Балқаш" табиғи қорығында екі жолбарыс — Богдан мен Кума өмір сүріп жатыр. Биыл Ресейден жабайы табиғаттан тағы үш-төрт жолбарыс әкелу жоспарлануда.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанға шетелден әкелінген жолбарыстардың видеосы тараған еді.