Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екінші рет ажырасу оңай емес": Күйеуінің опаздығын айтқан блогер жүкті екенін жариялады

салтанат блогер Фото: saltanat.a.e. парақшасынан

Күйеуінің артық жүрісін байқап қалып, ажырасып кеткен блогер Салтанат Аманқосқызы жүкті екенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы күйеуімен ат құйрығын кесіскенін жасырмады. 

“Халқым, мен ешқандай хайп жасап отырғаным жоқ. Жүкті кезімде осындай опасыздыққа тап болғаныма күйіндім. Бұл бір апта бұрын болған жағдай. Сол жерде нүкте қойылды. Маған да екінші рет ажырасты деген атақ оңай емес. Іштей өртеніп барамын. Бірақ көзге шөп салғанды кешірмеймін", – деп жан сырын ақтарды блогер. 



Одан кейін блогер болашақ сәбиінің амандығын тілейтінін айтты. 

“Құрсағымдағы балапанды аман-есен қолыма алуды тілеймін. Сол балапандарым үшін өмір сүріп, елден кем қылмауға тырысамын. Қолыммен жасағанды мойныммен көтеремін. Жауапкершілікті алып білетін адаммын”, – деп жазды желі жұлдызы. 

Еске салайық, блогер күйеуінің "қонақүйде түнеп жүргенін" айтқан еді. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 16 Қазан, 2025 17:47
Талқылау