Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екіге бөлініп қалған: Иран АҚШ-тың 500 миллион доллар тұратын ұшағын жойды

Фото: t.me/iribnews

Америкалық алыс радиолокациялық анықтау және басқару ұшағы  Boeing E-3 Sentry Сауд Арабиясындағы әуе базасына жасалған соққыдан зақымданды. Ирандық бұқаралық ақпарат құралдары әскери ұшақтың фотосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі iribnews Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Суреттерден ұшақтың екіге бөлінгенін байқауға болады. Егер ақпарат ресми түрде расталса, бұл E-3 типіндегі ұшақтың тарихтағы алғашқы жауынгерлік шығыны болуы мүмкін.

Boeing E-3 Sentry көбіне AWACS (әуе кеңістігін бақылау және басқару жүйесі) атауымен белгілі. Ол командалық пункт пен радар саналады. Ұшақ төбесіндегі үлкен айналмалы радардың арқасында жердегі радарлар байқамайтын төмен ұшатын нысандарды анықтай алады. Оның бақылау радиусы 400 шақырымнан асады.


Таяу Шығыста қақтығыс әлі бәсеңдеген жоқ: АҚШ мемлекеттік хатшысы Ирандағы соғыс әлі бір ай созылатынын мәлімдеді


Трамп Иранмен соғысты мамырдың ортасына дейін аяқтамақ


Стационарлық радарлардан айырмашылығы – AWACS әлемнің кез келген нүктесіне жылдам орын ауыстыра алады және оны баллистикалық зымыранмен жою әлдеқайда қиын. Ұшақ бортындағы офицерлер жойғыш ұшақтарды өздері жүргізіп, оларды нысанаға бағыттайды, әуеде жанармай құюды басқарады және әуе кеңістігінің қауіпсіздігін бақылайды.

Фото: t.me/iribnews

Соңғы буындағы толық жабдықталған бір ұшақтың құны 400–500 миллион доллар немесе одан да жоғары бағаланады.

Иранның Сауд Арабиясындағы әуе базасына жасаған шабуылын америкалық БАҚ та растады. Хабарларға сәйкес, 12 америкалық әскери қызметкер жарақат алған.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Иранға қарсы ұзақ мерзімді құрлық операциясына дайындалып жатқаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Жексенбі, 29 Наурыз, 2026 13:12