Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда 10 жастағы бала жылу құбырынан атқылаған қайнаған суға күйіп қалды

Екібастұзда 10 жастағы бала жылу құбырынан атқылаған қайнаған суға күйіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Оқиға туралы зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желіде мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, 8 желтоқсан күні ұлы аулада футбол ойнап жүріп жылу құбырының астына ұшып кеткен добын алғысы келген.

"Доп жылу құбырларының астына түсіп, ыстық су құбыры жарылып кеткен. Ұлымды күйік шалды", – дейді әйел.

10 жастағы бала ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, үш күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан.


"Ашық жараны дәрісіз таңған": Ақтөбе ауруханасы күйік шалған 3 жасар қызды бір ай бойы емдемей мүгедек қылды деп айыпталды (видео)


Павлодар облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлідеді. 

"Тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сай келмейтін, абайсызда адам денсаулығына зиян келтірген жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Рудныйда бір күнде екі жылу құбыры жарылып үйлер жылусыз қалғаны туралы жазған едік. 

Талқылау