"Екібастұз – жемқорлықтың нәтижесі": Алматыда белсенділер Екібастұз қаласын қолдау үшін акция өткізді
Алматыдағы Арбатта жеңіл киінген белсенділер жылусыз қалған Екібастұз қаласын қолдау үшін акция өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Oyan қозғалысының белсенділері Влада Ермольчева мен Мария Кочнева -7 градус суыққа қарамастан жеңіл киініп, қолдарына "Екібастұз – жемқорлықтың жемісі", "Кеше сайлау, бүгін Екібастұз, таңдауымыз осы ма?" деп жазылған плакат ұстаған.
Акция басталған соң жарты сағаттан кейін-ақ қыздарға полицейлер келіп, акцияның заңсыз екенін мәлімдеген. Кейін оларды Алмалы аудандық полиция бөліміне алып кетті.
"Сіздерге суық емес пе?" деген сұраққа Oyan қозғалысының белсенділері "Екібастұзда суығырақ" деп жауап берген.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"