"Екібастұз ГРЭС-2-ні" жаңғырту кезіндегі 1 миллиард теңгені жымқыру ісі: Сотталушылар ақталып шықты
Фото: samruk-energy.kz
Экибастұзда елдегі ең ірі электр энергиясын өндірушілердің бірі саналатын ГРЭС-2-ні жаңғырту барысында миллиардтаған теңге қаражат жымқыру дерегіне қатысты резонансты іс бойынша сот процесі аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, өткен жылдың ақпанында Павлодар облысының прокуратурасы "Екібастұз ГРЭС-2" акционерлік қоғамында қомақты қаражат талан-таражға салынғанын анықтады. Бұл қаражат үшінші энергоблокты салуға және станцияны кеңейтіп, қайта жаңғыртуға арналған болатын. Расталмаған жұмыстардың жалпы сомасы шамамен 1 миллиард теңге болған. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша іс қозғалды.
Бұл іс бойынша төрт адамға айып тағылды, олардың үшеуі сотта ақталды. Айыпталушылар қатарында станцияның бұрынғы материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы Ш., басқарма төрағасы Т., күрделі құрылыс басқармасының бастығы Б. және мердігер ұйымның қаржы директоры В. болды.
Айыптаушыларға қызмет бабын пайдаланып, алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды деген айып тағылды. Сонымен бірге сотталушы Ш.-ға "Алаяқтық" бабы бойынша да айып тағылды.
Айыптау нұсқасына сәйкес, 2012–2014 жылдары айыпталушылар бақылауындағы фирмалар арқылы роторлы тиегіш машинаға бөлінген 953,6 млн теңгені және балшық сорғыш кеме сатып алуға бөлінген 113,6 млн теңгені жымқырған. Прокурордың айтуынша, бұл жабдықтар әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген: роторлы тиегіш машина әлі жұмыс істемейді, конвейер таспалары жоқ, іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілмеген. Ал ГРЭС-2 шотынан 1,1 млрд теңгеден астам қаржы "біркүндік" фирмалар арқылы жалған актілермен шығарылған.
Айыптау дерегіне сәйкес, негізгі рөлді Ш. атқарған. Оның серігі ретінде П. есімді Қырғызстан тумасы аталды, оған өткен жылы сырттай күдікті деп танылып, халықаралық іздеу жарияланған.
Айыптау актісі бірнеше рет өзгертілді: мемлекеттік айыптаушы әуелі жеті күдіктіні атады, кейін тізім қысқарып, төрт адам қалды. Айыпталушылар мен олардың қорғаушыларының қарсылығынан соң тағы үш адам қайта енгізілді де, басты ұйымдастырушы мен сыбайластар нақтыланды.
Қорғаушылардың айтуынша, 2013 жылы ГРЭС-2 коммерциялық кәсіпорын болғандықтан, мемлекет акциялардың бақылау үлесіне ие болмаған. Бұған қоса қорғаушылар куәгерлердің айғақтарының нақтылыған күмән келтірді, өйткені олардың біразы әртүрлі жылдары бір-біріне қарама-қайшы келетін анықтамалар берген.
Айыпталушылар өз кінәсін мойындамай, ақтауды талап етті.
Прокурор оларды кінәлі деп танып, 7–8 жылға бас бостандығынан айыруды және 1,1 млрд теңге көлемінде залалды бірлесіп өтеуді сұрады.
Сот үкімі
"Ш.-ны Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы ("Аса ірі көлемдегі алаяқтық") бойынша кінәлі деп танып, бірақ ескіру мерзіміне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын", – деп оқыды үкімді Екібастұз қалалық сотының судьясы Әлия Әткешова.
Қалған үш айыпталушы қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.
"Жәбірленушілер мен куәлардің айғақтарын, сондай-ақ іс бойынша жиналған дәлелдемелерді талдай келе, сот олардың шынайы әрі заңды екенін анықтады және Ш-ның әрекеттерін Қылмыстық кодекстің-нің 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағына қайта саралады. Роторлы тиегіш машинаға қатысты эпизод бойынша оның кінәсі дәлелденді. Ал балшық сорғыш кемеге қатысты эпизодта кінәсі дәлелденбегендіктен, ол ақталды", – деп түсіндірді судья.
Ол станция өкілдерінің Ш-ға келтірілген залалды өтеу жөніндегі азаматтық талабын да ішінара қанағаттандырды. Сондай-ақ судья процессуалдық заңбұзушылықтарға жол берілгені үшін прокуратура атына жеке қаулы шығарды.
"Бұл іс 10 жыл бұрынғы дерек бойынша қаралды. Сот процесі сегіз айдан астам уақытқа созылды. Қорғау тарабы кінәсіздікті дәлелдейтін барлық айғақты ұсынғанымен, прокурор айыптаудан бас тартпады. Ол айыптау актісін үш рет өзгертіп, сотқа әртүрлі нұсқа ұсынды. Құқық қорғаушылар мен прокуратураның заңсыз әрекеттерінің салдарынан менің қорғауымдағы азамат 1,5 жылдан астам уақыт заңсыз қудалауға ұшырады", – деді адвокат Әсем Бәкімбаева.
Сотта белгілі болғандай, халықаралық іздеуде жүрген қырғыз азаматы П.-нің ісі бөлек өндіріске бөлінген, ол бойынша тергеу жалғасады. Шекара қызметінің дерегіне сүйенсек, ол үш жыл бұрын отбасымен бірге Қазақстаннан кетіп қалып, сол күйі оралмаған.

Қазақстандық сүйіктісімен айырылысқан соң, сыйға тартқан макбугын қайтаруын талап етті: Заң бойынша оны қайтара ала ма?
