Екі жылан айқасы: Кобра мен питон бір-бірін өлтіріп қойды
Желіде кобра мен питонның айқасқа түскен сәті талқыға түсті. Facebook-те жарияланған суретте екі алып жыланның өліп жатқанын көруге болады, деп жазады Stan.kz.
Жекпе-жекке түскендердің бірі – патшалық кобра буындырылып, ал екіншісі торлы питон қарсыласының уынан мерт болған. Питон өлер алдында кобраны орап алып, оны қылқындырып өлтірген. Екі жылан да айқас кезінде өліп қалды.
Алып жыландар жекпе-жегі Оңтүстік-Шығыс Азияда өткен болуы мүмкін. Себебі питон да, кобра да аталған құрлықта кездеседі. Екі рептилия да – бауырымен жорғалаушылардың ішіндегі ірісі.
Патша кобрасы – әлемдегі ең ұзын улы жыландардың бірі, олардың кейбірінің ұзындығы 5,5 метрге дейін жетеді. Кобра жыланның басқа түрлерін қорек ете береді. Әдетте кобра қарсыласының басына ден қойып, өлтіреді. Оның уы жүйке жүйесінің жұмысын тоқтатып, қарсыласты жансыздандырады.
Торлы питондар – әлемдегі ең ұзын жылан, ұзындығы 9 метрге дейін жетеді. Олар олжаға жету үшін бұлшықеттің көмегіне жүгінеді. Көбінесе сүтқоректірлермен азықтанады.
Жіберіп алмаңыз:
Дәретханада ұзақ отырған қытайлық ер адамның тік ішегі түсіп қалды
Жастай босанған бойжеткен сәбиін аяқ киім қорабына салып, төсек астына тығып кеткен
Студент қыз сүйіктісіне жүздеген қағаз ақшадан жасалған гүл шоғын тарту етті (видео)