Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі жылдан бері қаншама адам дұға тіледі": Заңғар Нұртас көпшіліктен сүйінші сұрады

Фото: https://www.instagram.com/zangaar/

Танымал блогер Заңғар Нұртас келіншегі Индира Мәуленнің аяғы ауыр екенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол өзінің Instagram парақшасында түрлі фотолар жариялады. Заңғар 2023 жылдың қараша айында екінші рет шаңырақ көтерген еді. 

Қайрат Нұртастың інісі балалы болуға қатысты сұрақтың нүктесін қойды.

"Бақытты отбасымыз тағы бір жүрек соғысымен толықпақ. Инша Аллах, ғажайыбымыз дүниеге келеді. Екі жылдан бері балалы болуымызды тілеп жүрген адамдар қаншама?! Меккеге барып та арнайы біз үшін сәби сұраған жандарды білеміз", – деп жазды блогердің әйелі. 



Желі қолданушылары бұл жаңалыққа түрлі пікірлерін жаудырды.

"Кеше ғана ренжіп салып жатыр еді, құтты болсын!”, “Жұрт 10 жыл дегенде балалы болып жатыр", “Аянның келіншегі көтерсе, үш келін де балалы болады”, "Индира көрінбей кеткенде біліп едік, құтты болсын", "Аман-есен бауырларыңа басыңдар", "Екіқабат қыла алмай жүр едік", Өте қуаныштымын", – деп жазды жұрт.

Айта кетейік, продюсер кенже келінінің құдалығын елде жоқ заттармен өткізгенін жазған едік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 25 Тамыз, 2025 10:42
Талқылау