Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі жыл сөйлеспей жүрді": Абай Бегейдің әйелі өнер иесінің бірінші некесіндегі қыздарымен қарым-қатынасын айтты

Танымал әнші Абай Бегейдің екінші әйелі өнер иесінің бірінші некесінен туған қыздарымен қарым-қатынасын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/fariza_zhan_rezerv/

Блогер Фариза Жұманова “Айтарым бар” подкастында қонақ болып, жеке өмірінен сыр шертті. 

“Алғаш шаңырақ көтерген кездері өте қиын болды. Қыздар екі жылдай менімен сөйлескен жоқ. Әкелерін қызғанып, маған да реніштері болды. Қазіргідей қарым-қатынас құру үшін көп уақыт керек екен. Әркімнің өз аналары бар. Мені “Апа” деді. Бір күні Әмина маған Ақтауда жүрген жерінен хабарласып, “мама” деп әңгімесін бастады. Айтуынша, түс көріпті. Түсінде өз анасы “Неге мама демейсің” деп сұрапты. Ол да берілген аян шығар, содан кейін “мама” деді. Қазір қыздарым сырлас құрбыларымдай болып кетті. Балалардың арқасында 32 жасымда құдағи атандым”, – деп күлді блогер келіншек. 



Желі жұлдызының сөзінше, қиын кезде Алладан үміт үзбей, дұға оқи берген көрінеді. 

"Маған бұл жолда оқыған намазым, діни білімім көмектесті. Алладан қорыққаннан кейін алған аманатыма төзе білдім. Қатты қиын болып кеткен кездері намазда отырып, дұға тілейтінмін. Ішімдегі уайым-қайғыны Алла Тағалаға айтатынмын. Содан кейін жақсы болып қалатынмын. Ал басқа қыздар осылай істей ала ма, істей алмай ма? Тұрмысқа шыққаннан кейін мамасына, әкесіне, туысына хабарласып тұрса, өзіне қиын, ал ата-анасына екі-үш есе қиын болады”, – дейді Абай Бегейдің әйелі. 

Еске салайық, Абай Бегей 16 жасында тұрмысқа шыққан қызына жазба арнап, көпшілікті жылатқан еді. 

Талқылау