Екі жатырлы әйел егіз ұл мен қызды дүниеге әкелді
Қытайдың Шаньси провинциясында тұратын екі жатырлы әйел егіз балаларды сәтті көтеріп, дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
depositphotos.com
Шаньси провинциясында тұратын Ли есімді әйел екі жатыры және екі жұп аналық безі бар туа біткен патологияға қарамастан, егіздерге жүкті болған. Қаңтар айында дәрігерлер екі жатырдың әрқайсысында бала бір ұрықтан дамып жатқанын растады. Бұған дейін Ли сәтсіз жүктілікті басынан өткергендіктен, дәрігерлер арнайы емдеу жоспарын және қатаң шектеулерді бекітті. Әйел екі баланы 37 аптаға дейін (8,5 ай) көтеріп, қыркүйек айында дені сау ұл (3,3 килограмм) мен қызды (2,4 килограмм) кесарь тілігі арқылы дүниеге әкелді.
"Екі жатырда бірден жүктілік, оның үстіне табиғи жолмен пайда болғаны – өте сирек кездесетін жағдай. Әлемде мұндай жағдай тек бір-екі рет қана тіркелген. Одан да сирек кездесетіні – осындай патологиясы бар әйелдің балаларды толық мерзімге дейін көтеріп, сәтті босануы", – деді аурухананың бас акушері Цай Ин.
Фото: scmp.com
Екі жатыры бар әйелдер түсік тастауға, меззімінен бұрын босануға, ұрықтың дамуы жетіспеушілігі және босанғаннан кейінгі қан кету қаупіне бейім келеді.