Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі рет үйленіп, ажырастым": Медеу Арынбаев жеке өмірінен сыр шертті

Медеу Арынбаев жеке өмірінен сыр шерттіФото: instagram.com/medeu_arynbaev

Танымал әнші Медеу Арынбаев “Таңшолпан” бағдарламасына берген сұхбатында жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің айтуынша, тыңдармандары оның жеке өміріне алаңдап, жиі “Қашан үйленесіз?” деген сұрақ қояды. Әнші мұндайда қалжыңмен жауап беретінін жасырмады.

“Уайымдамаңыздар, бәрі дұрыс. Уақыты келер. Жеке басымнан өтіп жатқан дүниенің бәрін экраннан қалай айтамыз. Кейде әуежайда болсын аяулы аналарымыз мені көргенде бірінші “Сені жақсы көремізден” бастайды да, хал-жағдай сұрасып, кейін “Әй, үйлендің бе?” деп сұрайды. “Ой, апа, мен екі рет үйленіп, ажырастым ғой, білмейсіз бе?” деп қалжыңдаймын. “Солай ма?” деп таңғалып жатады”, – деді әнші.

Сондай-ақ әнші ұл-қыздарының ержетіп, бойжетіп қалғанын айтып, ендігі арманы – олардың қуанышты күнін көру екенін жеткізді.

“Бір емес, екі жағдай болған. Алла қаласа, ұлым 26 жасқа келді. Солардың тойын өткізсем деймін. Қызым 24 жасқа келіп, бой жетіп жатыр. Олармен жағаласып қалмасам екен деймін. Ұл-қызымды үйлендіріп, жайлы орнына қондырғаннан кейін мүмкін менің де тойым болып қалар”, – дейді әнші. 


"Жылатқаным үшін өзімді кешірмеймін": Медеу Арынбаев марқұм әйелінің соңғы сәттерін есіне алды

"Қазақпен құда болсам екен": Медеу Арынбаев жан сырын ақтарды


Айта кетейік, бұған дейін Медеу Арынбаев марқұм жарының орнын ешкім баса алмағанын ашып айтқаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сенбі, 28 Наурыз, 2026 22:48