"Екі мың адам құттықтады": Мейрамбек Беспаев туған күнін дүркіретіп атап өтті
Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев 48 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сондай-ақ өнер иесі былтыр ашқан радиосының бір жылдығын тойлады. Әншінің әріптестері мен Республика сарайына жиналған екі мың адам сүйікті әншісін жекеменшік мерекемен құттықтады.
Жары Мархабат Беспаева концерт кезінде сахнаға тортпен шығып, отағасына елдің көзінше тосынсый жасады.
“Республика сарайы сахнасында Мейрамбекті туған күнімен барша көрерменмен бірге құттықтадық! Жаса, қазақтың Мейрамбегі!”, – деп жазды әріптесі Сәкен Майғазиев.
Айта кетейік, өнер иесі жақында қызды болып, оған Айзия деп ат қойған еді.
“Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздерге бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын", – деп жазған еді өнер иесінің жұбайы.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"