Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі көзі көрмейтін орыс қызы қазақ әндерін жатқа айтып таңғалдыруда

Мәскеу қаласында тұратын Виктория Андрееваның туғалы екі көзі көрмейді. Мүмкіндігі шектеулі болса да Виканың өмірге деген құштарлығы зор. Ең қызығы да сол, ол қазақ әндерін сүйіп тыңдайды. Соның арқасында аз ғана уақыттың ішінде ол қазақ тілін меңгеріп алған. Бүгінде қазақ тілінде акцентсіз сөйлейтін Виктория көпшілікті таңғалдыруда.

Screenshot_21

Фото: скриншот “Қазақстан” ұлттық арнасынан

Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасының жаңалықтар қызметінде айтылды.

18 жастағы Виктория әлеуметтік желідегі қазақ достарымен сөйлесу арқылы қазақша үйренген.

«Алғашқыда Қайрат Нұртастың әнін тыңдадым. Сосын сөздерін түсінейін деп ғаламтор арқылы қазақтармен таныса бастадым. Олар маған әнді аударып берді. Тағы біраз сөздерді үйретті. Кейін бірақ оның бәрі ұмытылды. Ал Батырдың «Отан ана» әнін естігенде жан дүниемде бір өзгеріс болды. Сосын қайтсем де қазақ тілін үйренемін деп алдыма мақсат қойып біржола кірістім. Шынымды айтсам, орыстарға қарағанда қазақтармен сөйлескенде өзімді жақсы сезінемін. Себебі қазақтар өзгелерге қарағанда мейірімді, ашық, шынайы халық», – дейді Виктория.

Бойжеткен жазғы демалыста Қазақстанға атбасын бұруды көздеп отыр. Ол қазақ халқымен жүздесіп, тілдескісі келеді. Анасы мен әжесі болса оның қызығушылығына құрметпен қарайды. Тіпті, Викторияның арқасында қазақша үйренгісі келетіндерін жасырмайды.

«Мен негізі нағыз орыстың әйелімін. Орыстың көңілді, ойнақы әндерін тыңдайтынмын. Бірақ соңғы кездері Вика айтып жүрген қазақша әндер маған да ұнап қалды. Сөздерін ұқпасам да, қазақтың әндерін жан дүниеммен түсінемін. Тіпті, орыстың әндеріне қарағанда қазақтың әндерін көбірек қалайтын болдым. Мына түріммен бірте бірте мен де қазақша сөйлейтін шығармын», дейді Викторияның әжесі Раиса Гудыма.

Screenshot_22

Фото: скриншот “Қазақстан” ұлттық арнасынан

Ал Викторияның өзі таза қазақ тілінде:

«Мен Виктория Андреева, менің жасым 18-де. Мен Мәскеу қаласында тұрамын. Қазіргі уақытта қазақ тілін үйреніп жатырмын. Қазақстанға сәлем айтыңыз. Рахмет. Сау болыңыз», – деп қоштасты.

Жіберіп алмаңыз:

Қырғызстанда ұшақ тура ауылдың үстіне құлады (фото, видео)

АҚШ-та Трампты ұлықтау рәсімі өтпей қалуы мүмкін

Ресейде жасөспірім әжесін, әкесін және қарындасын балталап өлтірді

EgyptAir ұшағының құлауына пилоттың айфоны себеп болуы мүмкін

 

Талқылау