Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Екі күзетші Бестөбедегі жанжал кезінде негізсіз оқ атқан деп күдіктелуде

«Мыс-орда» ЖШС-нің екі күзетшісі Ақмола облысының Бестөбе кентінегі кеншілер мен күзетшілер арасында болған ұрыстан кейін қызметін асыра пайдаланған деп күдіктелуде.

12facec019db85714deae17a012e24f5

Сурет: ohrana.ru 

16 маусым күні Бестөбе кентінде алтын өндірумен айналысатын «Қазақалтын» алып компанияның жұмысшылары мен «Мыс-орда» күзет агенттігінің күзетшілері жанжалдасқан. Салдарынан 24 адам зардап шегіп, 4-уі ауруханаға жеткізілді.

Мәлімет бойынша, ҚР ҚК «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу жүргізіліп, оқты «Мыс-орда» ЖШС-нің екі күзетшісінің атқаны белгілі болды. Күзетшілер «Жеке күзет қызметін атқарушы лауазымын пайдалану» бабы бойынша ұсталды. Енді бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр.

Бестөбеде болған оқиға бақылау назарына алынған.

STAN.KZ
Сейсенбі, 21 Маусым, 2016 13:54
Талқылау