Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі әжесін бағып отырған 5 жасар қыз жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Бес жасар Анна бүгінде үйдің бар тіршілігін өз мойнына алған. Ол 92 жастағы әжесі мен өгей шешесіне қарайлайды. Әкесі сотталып, анасы екінші рет тұрмысқа шығып кеткен екен.

3E01395000000578-4285582-image-a-4_1488817540796

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Ана мен бала арасындағы байланыстың өте жоғары екенін бәріміз жақсы білеміз. Бес жасар Анна Қытайдың оңтүстік-батысындағы Цуньи аймағында екі әжесімен бірге тұрып жатыр. Шетелдік тілшілердің бірі оның бір күндік өмірін бақылап қайтқан екен. Анна небәрі үш айлық болғанда әкесі түрмеге қамалған. Осыдан кейін оның анасы екінші рет тұрмысқа шығып, сәбиін қайын жұртының қолында қалдырады.  Бүгінде Анна бұл отбасының жалғыз берік тірегіне айналған.

3E013A3600000578-4285582-image-a-5_1488817553555

Бес жасар қыз үшін екі қарияға қарайлау – оңай шаруа емес. Анна күнделікті ерте тұрып екі әжесіне ас әзірлейді.

3E013AF700000578-4285582-image-a-6_1488817575102

Орындықтың үстіне шығып, көкөністерді қуырып, түрлі тағам жасайды.

3E013B7500000578-4285582-image-a-9_1488818373402

Аннаның әжесі созылмалы артритке шалдыққан. Еркін жүріп-тұруға қиналады. Кіші әжесінің де жағдайы мәз емес. Екеуі күні бойы төсекте жатады екен.

3E013C1800000578-4285582-image-a-7_1488818064366

Бүлдіршін оларды дәретхана мен қалаған жерлеріне жетектеп алып барады. Мұнымен қатар, үйді өзі тазалап жуып, қоқысты да уақытылы шығарып отырады.

3E01382B00000578-4285582-image-a-8_1488818070000

Бүгінде кішкене бүлдіршін жұрттың көзайымына айналған. Үйлерінде азық-түлік бітіп қалған кезде, көршілері бақта өсіп тұрған көкөністерін бөліседі екен.

3E0139F000000578-4285582-image-a-10_1488818450149

«Мен оларға өмір бойы қамқоршы болғым келеді», – дейді Анна өзін суретке түсіріп жүрген тілшіге.


Жіберіп алмаңыз:

Секспен айналысудан шаршаған келіншек күйеуін уландырып тастады

Қызғаншақ күйеу Facebook-тегі суретке бола әйелін өртеп жіберді (фото)

Вьетнамға жіберілген айғыр тұяғы мүжілгенше екі жыл кешіп туған жеріне қашып келген

Норвегияда бұғы өзін құтқарып қалған отбасыға күн сайын келіп тұрады (фото)

Талқылау