"Екі әскери кісіні аман алып қалған": Танымал журналист марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевты марапаттауды ұсынды
Фото: newqazaq.kz
Танымал журналист, қоғам белсендісі Бибігүл Дәулетбекқызы кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ағасы марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевты марапатқа ұсынуды өтінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, 2024 жылдың 9 желтоқсанында Шерзат Полаттың ағасының денесі табылған еді.
“Мені қатты күңіренткен Нұрқанаттың өлімі болды. Осы азамат қайтыс болғанда қатты жыладым. Жаным ауырды. Өзі кеш үйленіп, енді өмірдің қызығын көремін дегенінде дүниеден өтіп кетті. Бүгін осы Нұрқанат туралы сторисіме салған едім. Бұл жігіттің әріптестері тек жақсы пікірлерін жазып жатыр. Өте аңқылдақ, тек күліп жүретін жайдарлы жан деп жатыр. Үнемі елге елпілдеп көмек көрсетіп жүреді екен. Қалжыңқой, ешқашан ешкімге ренжігенін көрген емеспіз деді.Оқырмандарымның хаттарын оқып, тіпті мұңайып кеттім”, – деп жазды журналист.
-
Шерзат Полаттың ағасының өлімі: Қаржаубай Нұрымов марқұм інісінің суицид жасағанына сенбейтінін айтты (видео)
-
“Аяғы жерге тиіп, бүктеліп отырған”: Шерзат Полаттың әкесі інісі көз жұмған жерді көрсетті
Одан кейін көзі тірісінде медицина қызметкері болып істегенін де айтып өтті.
“Естеріңізде ме Алматы қаласының маңында 2021 жылы әскери ұшақ құлап, 4 адам қаза тауып, 2 әскери кісі аман қалған еді. Сол аман қалған екеуіне себепші болған осы фельдшер Нұрқанат Ғайыпбаев екенін бірі білсе, мыңы білмейді. Осы оқиға туралы күндіз Instagram платформасындағы сторисімде бөліскенімде, сол ұшақта қайтыс болған майордың жары марқұм Нұрқанаттың ерлігін жазды. Мені оқып отырған құзырлы орындар болса, аса мән береді деп ойлаймын. Тірісінде ала алмай кеткен марапатын құдай үшін қазір беріңіздер! Марқұмның әруағы тынышталсын!”, – деп жазды БАҚ өкілі.
Еске салайық, бұған 2024 жылдың 4 қазан түні Шерзат Болат қаза тапты. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиға сыра байланысты жанжалдан басталған. Сот бұл іс бойынша 10 адамды қамауға алды. 29 сәуірде сот залында Дархан Әскентайдың тағы бір сыныптасы сөз сөйлеп, оның ешқашан ешкімді ренжітпегенінайтқан еді. Айта кетейік, бұған қоса сотта Қаржаубай Нұрымов қайғылы оқиға болған күнді сипаттап, марқұм Шерзаттың қандай күйде қаза тапқанын айтып берді

"Дәрігерлер ертерек бала туып ал деді": 24 жасында ерте климаксқа ұшырап, денсаулығы сыр берген ару қыз-келіншектерге жолдау жасады
