Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шавкат Рахмоновтың әйеліне сот үкімі шықты: Ол екі адам көз жұмған жол апатына кінәлі деп танылды

Шавкат Рахмонов Фото:Ozgeris.info

Бүгін Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмоноваға қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тараздағы сот отырысында судья Гүлайым Рахмонованы екі адамның өліміне кінәлі деп таныды.

Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігін бұзғаны үшін кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру және жүргізуші куәлігін жеті жылға айыру туралы үкім шығарды

Үкім жарияланбас бұрын әлеуметтік желілерде Гүлайым Рахмонованың күйеуімен ажырасып, төрт баласымен жалғыз қалғаны, бесінші баласына жүкті екені туралы ақпарат тараған. Сондай-ақ, жазбада балалардың әкесі оларға араласудан бас тартқаны көрсетілген.

Сот шешімі бойынша Гүлайым Рахмонованың жазасы 2040 жылға дейін кейінге шегерілді.

Сот әйелдің 2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы бар екенін ескерді, оның жазасын ауырлататын басқа мән-жайлар анықталмады.

"Сот үкімімен Р. ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 7 жыл мерзімге автокөлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК 74-бабының 1-бөлігінің негізінде жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жол апаты 2025 жылдың 27 шілдесінде Алматы–Екатеринбург автожолының 299-шақырымында болған. Полицияның мәліметінше, Toyota Land Cruiser 200 көлігін басқарған Гүлайым Рахмонова рульге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.


“Балаларын керек етпей қалды”: Шавкат Рахмоновтың әйелі спортшымен ажырасқанын мәлімдеді


Шавкат Рахмоновтың әйелі қатысқан жол апаты бойынша істе жәбірленуші кешірім берді


Оқиға салдарынан екі әйел қаза тауып, спортшының жұбайы мен баласы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалаған.
Кейін Жамбыл облысының полициясы оқиға орнынан түсірілген бейнематериалдарды жариялады. Кадрлардан аударылған жол талғамайтын көліктің айтарлықтай зақымданғаны, бір дөңгелегінің бекіткішінен ажырап кеткені және көлік бөлшектерінің жан-жаққа шашылғаны байқалған.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 27 Наурыз, 2026 14:10