"Екеуміз бос қалдық": Ерке Есмахан көпшіліктен кеңес сұрады
Белгілі әнші Ерке Есмахан концерттен кейін немен айналысатынын білмей қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Өнерлі жұп Raim мен Ерке Есмахан Алматы Арена спорт кешенінде концерт берген еді.
“Альбом шықты, бейнебаяндар шығып, концерт өтті. Енді не істерімізді білмей, күйеуіміз екеуміз бос қалдық. Демалысқа кетіп қалайық десек, алда тур бар. Шопинг жасайық десек, концертке дейін барлығын алып тастағанбыз. Әсіресе, мен. Кино, сериалдан шаршадық. Тек, шүкір, деп жатырмыз. Идея айтыңыздаршы, не істесек болады?" – деп сұрады өнер иесі.
-
"Мен сендерге үлгімін": Ерке Есмахан ел алдында жан сырын ақтарды
-
"Қазақстандағы жалғыз әнші": Ерке Есмахан күйеуін жер көкке сыйғызбай мақтады
Одан кейін эстрада жұлдызы психологтың арқасында өмірінің дұрысталғанын жасырмады.
“Қазіргі заманда барлығы адамның өз қолында, миында, білімінде дегенге көз жеткізіп жүрміз. Қарап тұрсақ, кеше ғана не істерін білмей жүрген кей адамдар дұрыс психолог маманның қолына түсіп, сабағын оқып, дамып, миллионер боп кетіп жатыр. Бұл жерде басты сөз – "дұрыс психолог". Менің де басымнан сіздер білетіні бар, білмейтіні бар, талай қиын кезең өтті. Сол кезде бірінші боп кеңес сұрап хабарласатын адамым – Айнұр. Миымды бірден орнына қойып, жол сілтейді", – деді Ерке Есмахан Instagram желісіндегі сторисінде.
Еске салайық, Ерке Есмахан концерт кезінде сөзінен шатасқанын мойындаған еді.