Екеуін де ренжіткім келмеді: Ер адам екі қызға қатар үйленді
Индонезияның Батыс Калимантан провинциясында екі қызбен кездесіп жүрген ер адам оларға қатар үйленді. Себебі, екеуін де ренжіткім келмеді, дейді ол.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Unilad басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Күйеу жігіттің сөзінше, ол сүйіктілерінің бірі ренжіп, қиналғанын қаламаған.
«Сондықтан екеуіне де үйленуді ұйғардым», - дейді ол.
Ер адам Индонезиядағы дәстүр бойынша қалыңдықтарының екеуінің де туыстарына қалыңмал төлеген. Ер адам берген қалыңмалдың жалпы сомасы 10 мың индонезиялық рупийді (270 теңгеден аса) құрайды.

Индонезияда бірнеше әйел алуға рұқсат берілген. Жергілікті заң тек бір шектеу қояды: ер адам екінші рет үйленуі үшін, бірінші әйелінен рұқсат алуы қажет.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"