EgyptAir ұшағының құлауына пилоттың айфоны себеп болуы мүмкін
2016 жылы мамыр айында EgyptAir әуе компаниясы лайнерінің апатқа ұшырауына пилоттың iPhone маркалы смартфоны себеп болуы мүмкін екен.
Бұл туралы Le Parisien газеті хабарлап отыр.
2016 жылдың 19 мамырында Париж-Каир бағытында MS804 рейсін орындамақ болған EgyptAir компаниясының Airbus A320 ұшағының апатына байланысты жаңа нұсқа пайда болды.
Тексеру деректері бойынша, екінші пилотқа тиесілі болған айфон телефоны апатқа себеп болуы мүмкін.
Шарль де Голль әуежайында ұшқыш Мұхаммед Мамдух Ахмед Асем төрт парфюммен бірге iPhone 6S және iPad mini салған. Гаджеттер иіссулармен бірге құралдар панелінің үстіңгі бөлігінде тұрған. Борттағы жазу аппаратының дерегі бойынша, өрт дабылы дәл сол ұшқыштар кабинасынан шыққан.
Апат нәтижесінде ұшақ Жерорта теңізіне құлаған болатын. Әуе кемесінде болған барлық жолаушы қаза тапты.
Жалпы қазіргі таңда ұшақ апатына қатысты үш нұсқа айтылуда, олар – айфонның кесірі, техникалық қателік және теракт.
Оқи отырыңыз:
Әкесі ақша үшін кішкентай қызын жалаңаш суретке түсірген
АҚШ-та 7 жасар қызды бауыздап өлтірген 15 жастағы қыз бала тұтқындалды (фото)