Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Еgov мобильді қосымшасында уақытты өзгертуге қатысты сауалнама пайда болды

Еgov мобильді қосымшасында қазақстандықтарға уақытты өзгертуге қатысты бірнеше сұрақ қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ВК

Электронды үкіметте қазақстандықтардан қай сағат белдеуі ыңғайлы екенін анықтау үшін сауалнама өтіп жатыр. Қазақстандықтар UTC+5, UTC+6, "Маған бәрібір" және "Білмеймін" деген нұсқалардың бірін таңдай алады.

Сондай-ақ уақыт белдеуіне қатысты қандай өзгерісті қалайтындарын сұрайды. "Ештеңені өзгертпей, бәрі сол күйінде қалсын", "Уақытты жыл мезгіліне (жаз/қыс) қарай өзгерту керек", "Алдыңғы уақытқа оралу керек" деп ұсыныс білдіре алады. 

Сонымен қатар ұсынысты пайдаланушылардан күндізгі уақытта не нәрсеге уақыт таппайтыны сұралады.

"Жұмыс немесе оқу", "Демалыс және ұйықтау", "Отбасымен және достарымен уақыт өткізу", "Спорт және физикалық белсенділік", "Хобби және жеке қызығушылықтар", "Үй шаруасы", сондай-ақ өз ұсынысыңызды енгізсеңіз болады.

Сауалнаманы eGov мобильді қосымшасында "Хабарламалар" бөлімінен табуға болады.

19 қарашада үкіметте Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі туралы соңғы шешім қабылданды. Алайда осыдан кейін бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтардың денсаулығына әсерін зерттеу үшін 160 миллион теңге жұмсалатыны айтылды. 

Талқылау