Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

eGov, Aitu және eOtinish сервистері интернеттің теңгерімі нөл болса да қолжетімді болады

ұлттық мессенджер Фото: Stan.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің eGov, Aitu және eOtinish сервистері қазақстандықтар үшін әрқашан қолжетімді болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"15 қыркүйектен бастап Aitu, eGov, eGov Business, eOtinish сервистері мен ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін нөлдік тарифтендіруді іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ 20 қыркүйекке дейін Smart Bridge платформасы арқылы коммерциялық IT-шешімдерді сервистермен кедергісіз интеграциялауға мүмкіндік беру көзделген. Qaztech платформасында ірі жобаларды жүзеге асыру үшін құқықтық актілерге өзгерістер енгізу, IT-шешімдердің шекті құнына қойылған талаптарды алып тастау және жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтерді жасанды интеллект қолдана отырып цифрландыруды қамтамасыз етіледі", – делінген үкімет хабарламасында.

Мәліметке сәйкес, нөлдік тарифтендіру мобильді есепшоттағы теңгерім нөл немесе теріс болған жағдайда да мемлекеттік ресурстарға кепілді қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл Халыққа қызметке көрсету қызметіндегі жүктемені азайтуы мүмкін.

Жеке IT-шешімдердің мемлекеттік сервистермен, соның ішінде Smart Bridge арқылы интеграциялануы бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылын нығайтуға көмектеспек. Бүгінгі таңда Smart Bridge платформасы арқылы 14 мыңнан астам өтінім қабылданғаны айтылды.

Сондай-ақ Qaztech платформасында IT-шешімдердің құны мен автоматтандырылатын функциялар санына қойылған шектеулерді алып тастау жоспарланып отыр. Бұған дейін бір өнімнің құны 15 мың АЕК-тен аспауға тиіс еді. Бұдан бөлек мерзімі жарты жылмен шектелетін, ал автоматтандырылатын функциялар саны үшеуден аспайтын.

Қазіргі таңда 1 408 мемлекеттік қызметтің 368-і толық автоматтандырылған, тағы 984 қызметті әрі қарай цифрландыруға жоғары әлеует бар екені айтылды. Сонымен қатар 56 қызмет проактивті форматқа ауыстырылған екен.


"Aitu іске қосылса WhatsApp пен Telegram-ға тыйым салына ма": Цифрлық даму министрлігі жағдайға түсініктеме берді


Aitu мессенджері кімге тиесілі және ол Қазақстанда неліктен насихатталып жатыр


Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік қызметкерлер 15 қыркүйекке дейін Aitu ұлттық мессенджеріне көшуге міндеттелгенін жаздық. Сонымен бірге Smart Data Ukimet арқылы мемлекеттік деректерді біріктіру жұмыстары жүргізілуде: жаңа хэштеу әдісі 1 қыркүйекке дейін аяқталып, деректер толықтай 1 желтоқсанға дейін платформға беріледі. Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, бұл қадамдар ақпараттық қауіпсіздікті күшейтіп, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 27 Тамыз, 2025 12:27
Талқылау