Егіз сәбиге жүкті болып қалған 67 жастағы әйел түсік жасатудан бас тартты
67 жастағы әйел егіз сәбилерге жүкті болып қалды. Дәрігерлер оның босануы қауіпті екенін айтты.

Қытайдық әйелдің бұған дейін бір ұлы болған. Өзі 35 жаста болғанда ұлы жол апатынан көз жұмған. Ол кезде «бір отбасында – бір бала» саясаты болды. Сондықтан отасында басқа бала болмаған.
Баласының қазасынан соң асырап алмақ болғанда, жасы кедергі болады. Сондықтан әйел Тайваньға барып, экстракорпоральді жолмен құрсақ көтерді.
Пекинге келісімен әйелдің егіз балаға жүкті екені анықталды. Дәрігерлер оның босануы қауіпті екенін айтып, түсік жасатуға кеңес берген. Оған жоғары қан қысымы себеп. Алайда әйел егіздерді өмірге әкелем деген ниетте.
Ол балаларым 18-ге толғанда өзім 85 жасқа толам деп отыр. Егер өзі өмірден ерте озса, балаларына 40 жастағы інісі қарайтынын айтады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Өз жолын өзі қирататындай әрекетке барады деу логика сыймайды": Федерация президенті Жәнібек Әлімханұлының ендігі тағдыры не болатынын айтты
Рахимжан Ерденбеков: "23 қаңтардағы жиын сот емес, эмоциялық пікірталас та емес"
Қазақ халқының қандай тарихи жарақаттары бар және олар шынымен де бізге әсер ете ме?
Тарихи жарақатымызды басқа ұлттан көрмеуіміз керек