Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Египетте әкесі мен баласына акула шабуыл жасады

Египетте әкесі мен ұлына акула шабуыл жасап, қайғылы жағдай болды. Ұлының көз алдында қайтыс болғанына куә болған әкесі оны құтқаруға тырысқан. Бірақ теңіз жыртқышы оған да ауыр жарақаттар салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Египеттің қоршаған орта министрлігінің мәліметінше, акуланың Қызыл теңіздегі Марса-Алам курорттық қаласының жағалауында туристерге шабуыл жасағаны айтылған.

"Марса-Аламның солтүстігінде екі шетелдікке акула шабуыл жасады деген хабар келіп түсті. Соның салдарынан біреуі жарақат алып, екіншісі қаза тапты", – делінген министрлік хабарламасында.

Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер Италиядан келген отбасы болған. Жыртқыш алдымен ұлына шабуыл жасаған көрінеді. Әкесі баласын құтқаруға тырысқан. Өкінішке қарай, әкесі бір аяғынан айырылған. Ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, оқиға жүзуге арналған аймақтан тыс жерде болған. Алайда Египет билігі төтенше жағдай жариялап, Марса-Алам ауданында жүзуге тыйым салды.



Еске салайық, бұған дейін Индонезияда демалыс кезінде туристті қатты ағыс алып кетіп, оны акула жеп қойғанын жаздық. Оңтүстік Дакотадан келген 68 жастағы Коллин Монфортенің денесін балықшылар акуланың асқазанынан тауып алды. Қайғылы оқиға 26 қыркүйекте болған. Әйел алты досымен Пулау-Реонг аралына демалуға келген. Қатты ағыс оны шайып әкеткен, ал гид оны құтқара алмады. Құтқару тобы 3 қазанға дейін оны сегіз күн бойы іздеді. Шығыс Тимордағы балықшы жексенбіде акуланың қарнынан адам қалдықтарын тапты. Ликиза округінің шенеуніктері әйелдің әлі де қара гидрокостюмде болғанын айтты.

Талқылау