Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егер осы 9 белгінің бірін байқасаңыз, онда жедел түрде ағзаңызды тазартыңыз

Егер өз бойыңыздан төмендегі 9 белгінің бірін байқап қалсаңыз, онда ағзаңызды тазартқаныңыз жөн. Бұл белгілердің байқалуы сіздің ағзаңызда әлі де қалдықтар бар екенін білдіреді.

original-95-1-715x400

Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану біздің әрқайсымыз үшін бұлжымас қағидаға айналуы тиіс. Дегенмен, дұрыс тамақтану мен спортпен айналысу сіздің ағзаңызды толықтай таза ұстауға қауқарсыз. Өйткені біздің айналамызда денсаулыққа кері әсер ететін қоқыстар көп.

Адам ағзасы зәр шығару мен терлеу арқылы табиғи түрде уытты заттардан арылу процесін жүргізеді. Әйтседе көптеген уытты заттар әлі де болса ағзада қалып, ауруларға себеп болады.

Осы ретте мына 9 белгіні қаперде ұстау абзал:

Энергия жетіспеушілік

Энергия жетіспеушілік және шаршау сіздің ағзаңызда қоқыс бар екенін айғақтайды. Бұл ретте сіз таң азаннан бастап, бойыңызды таза ұстауға үйретуіңіз қажет.

Бас ауруы

Еш себепсіз жиі бас ауру да сіздің ағзаңыз үшін жайсыз нәрсе.

Өт қабы проблемасы

Майы көп тамақты жегеннен кейін сіздің асқазаныңыз бен өтіңіз ауырлық сезінеді. Бұл сіздің ағзаңызда уытты заттардың мол екенінінің белгісі. Осылай ауырып жалғаса берсе қоқыстар жиналып тасқа айналады.

Мұрынның бітіп қалуы

Мұрынның бітіп қалып, тыныс алуды қиындатуы да қауіпті токсиндердің симптомы.

Ағзаның қызынуы

Ағзаның қызынуы немесе температураның бірден көтеріліп кетуі жүрек қызметі мен ағза жұмысында кінәрат бар екенін айғақтайды. Бұдан соң ағзаңызды тазарту жұмыстарын жүргізіп ғана, өзіңізді жақсы, сергек сезіне аласыз.

Тілдің сары немесе ақ болуы

Егер тіліңіз сары немесе ақ түске боялып, ауызыңыздан жағымсыз иіс шықса, онда сізге жылдам түрде ағзаңызға детоксикация жасату қажет. Ағза тазарған кезде ғана сіздің тіліңіз әдеттегі қалыпты түске қайта оралады.

Белдегі май

Бел аумағына майдың жиналуы да токсиндердің көптігінің белгісі. Бұл ретте дұрыс диета сақтап, ағзадағы зат алмасуды жақсарту маңызды.

Тері проблемасы

Құрғақ тері, қышыну және бөрту белгілері байқалса, онда дәрігерге қаралу керек деген сөз. Бұл ретте химиялық қоспалары бар дәрілер мен кремдерді пайдаланбаған дұрыс.

Ұйқысыздық

Ұйқысыздық та ағза жұмысының дұрыс еместігін аңғартатын бір белгі.

Ағзаңызды табиғи жолмен таза ұстағыңыз келсе, онда міндетті түрде таңертеңгі жаттығуға көңіл бөліңіз. Одан бөлек массаж алып, саунаға барып, кіші батутте секіріп те көру керек.

Ал тағам тұрғысынан табиғи шырындарды ішу сіздің ағзаңыздың тазаруына мүмкіндік береді.


Оқи отырыңыз:

Бір айдан кейін миллиондаған смартфондарда WhatsApp өз жұмысын тоқтатады

Францияда бір жасар қыз өмір сүру құрылғысынан ажыратқалы жатқан кезде комадан шыққан

Қайырымды жастар алма сатып науқас қыздың еміне 12 млн теңге жинап берді

Ұйқыдағы ару синдромы: Бойжеткен 6 ай бойы ұйықтаған (фото)

Талқылау