Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егер 42500 теңге түспесе: Еңбек министрінің орынбасары қай жаққа және қалай хат жазу керектігін түсіндірді

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Нариман Мұқышев 42500 теңгеге қатысты "ақша түсуі неге кешіктіріледі" деген  сұраққа жауап беріп, қай жаққа хат жазу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

теңге

Кейбір азаматтардың жіберген өтініштері еш хабарсыз қалып қойып жатқан көрінеді. 

"Бір апта бұрын өтінішім қабылданды, бірақ ақша әлі түскен жоқ" дейтіндерге айтарым: ақша бір күн ішінде жіберіледі, десек те кейбір азаматтар электронды шот нөмірін қате жазып жатады. Бірақ олар өздерінің қателігін мойындамай, барлығын дұрыс жаздым деп қоймайды. 930 мыңнан астам келіп түскен өтініште, есепшот нөмірі дұрыс жазылмаған", - дейді шенеунік. 

Онымен ақша не үшін кешіктірілуі мүмкін:

1. Ақша сіздің банктегі есепшотыңызға бір күнде түседі;

2. Банк есепшоттың дұрыс еместігін анықтап, ақшаны кері қайтарады (1 күн);

3. Өтініш білдірушінің басқа да іске қосулы электронды шоттарына іздеу жасалады. Мысалы, сізге басқа да төлемақы жасалуы мүмкін. Осындай 900 мың азамат бар. Бұл жағдай сізді мазалай бермеу үшін атқарылатын дүние. Бұған тағы бір күн кетеді. 

4.  Егер есепшоты табылып жатсақ, ақша қайта аударылады (1 күн). Кейбір адамдар ақша басқа шотқа түсті деп жатады. Міне, мұның себебі осы. Сондықтан өзіңізге тиесілі барлық шоттарды тексерулеріңізді сұраймыз. 

5. Егер ешқандай есепшот табылмаса, сізге СМС жолданады. Қазіргі таңда 28 мың хабарлама жіберілген. Оған жауап ретінде шот нөмірін жазуыңыз керек. Бұл үрдіске тағы бір күн жұмсалады. Ары қарай сіздің есепшотты қанша уақытта жіберетініңізге байланысты. 



"Көріп отырғандарыңыздай аталмыш үдеріс бірнеше күнге созылып кетуі мүмкін. Алайда бұл ақша аударуда қиындық туса ғана шығады. Басқа да қызметтерде бір нәрсеге қайта көз жеткізу үшін біраз уақыт кетеді ғой", - деп түсіндірді Мұқышев. 

Сондай-ақ вице министр егер ақша түспесе, қай жаққа хат жазу керектігін айтып кетті. 

"[email protected] және [email protected] сайттарына күніне мыңдаған хат жолданады. Мамандар қолдарынан келгенше хаттарға жауап беруде, бірақ кейде жауаптар кешіктіріліп жатыр. Хаттар күні-түні қаралады. Кейбір азаматтар "маған ақша неге түспеді" деген сияқты хабарлама жібереді. Онда ол азаматтың не аты, не шоты, не ЖСН нөмірі жоқ. Мұндай хаттарды біз тексере алмаймыз. Сол себепті хат жіберетін кезде өзіңіз жайлы толық ақпаратты жазуыңызды сұраймыз", - деп қосты ол. 

Хат мәтінін мысалы:

Мен, аты-жөніңіз, ЖСН нөмірі, мына күні өтініш білдірген едім. Сайтта жәрдемақы табысталады деп айтылған (скриншот суретті міндетті түрде қосу керек). Бірақ ақша әлі келіп түспеді. Менің өтінішімді тексеріп, жауап жіберулеріңізді сұраймын. 

Бұған дейін 164 мыңнан астам қазақстандық азамат 42500 теңге жәрдемақыны кері қайтарғаны айтылған болатын. 

 

Талқылау