Егде жастағы актерге қылмыңдаған Жұлдыз Әбдікәрімова талқыға түсті
Қайрат Нұртастың жұбайы тағы ел назарында! Бұл жолы Жұлдыз Әбдікәрімова актер Қуандық Шәкіржановпен әзіл видео түсіріп, елдің талқысына түсті. Көпшілік Жұлдызды "әкесімен жасты кісіге қылмыңдады" деп айыптады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шәкіржанов пен Әбдікәрімова әлеуметтік желілерде кеңінен тараған әзілді қайталады. Онда Жұлдыз актерді үйіне теледидар көруге шақырады. Ал Шәкіржанов бас тартады. Кадрда актердің жартылай жалаңаш күйде тұрғаны жұртқа жақпай қалды.
"Ерсі көрінеді екен, дегенмен үлкен еркекпен. Қыз балаға актриса ең нашар мамандық қой. Әр істі ой саралап салу керек сияқты", "Қайрат қызғанып қалмасын", "Қайрат Нұртас шығады екен деп күттік", "Әкеңдей адам. Душта тұрған жерінен қасына бару түгілі, жанынан өту ұят", "Әкесімен жасты ғой", "Күйеуі қызғанбай ма?", "Ұят болыпты", "Қайрат шу шығарып жүрмесін", – деп алаңдады желі қолданушылары.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"