Айнұр Тұрсынбаева жаңа түскен келінін қажылыққа ертіп әкетті
Айнұр Тұрсынбаева жуырда ғана босағасын аттаған келіні мен ұлын қажылыққа ертіп әкетті. Айтыскер ақынның айтуынша, бұл жас келіннің Мекке мен Мединаға алғаш рет келуі, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақын қасиетті мекенге отбасымен бірге барғанын атап өтті.
"Алла Сіздерге де Өзінің Қасиетті қаласына қадірлі қонақ болуды нәсіп етсін.
Келінім Мадинаның Мекке/Мадинаға алғаш рет келуі", - деп бөлісті Тұрсынбаева Instagram парақшасында.
Тұрсынбаева мүмкіндігінше қажылыққа жиі баруға тырысатынын айтып, өзгелерге де осындай бақытты тіледі.
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген
"Күйсандық", "қылтима", "үнқағаз": Тоқаев күмән келтірген қазақша аудармалар қаншалықты сәтті
Мамандар қазақ тіліндегі барлық кірме сөзге міндетті түрде балама табу қажет деген пікірмен келіспейді