Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға автокөлік сыйға берілді

Жеңіс клубы көлік сыйладыФото: instagram.com / abiba48

Қазақстандық дзюдо шебері Әбиба Әбужақынова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Lexus автокөлігін сыйға алғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі спортшының Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшыға бұл көлікті "Жеңіс" дзюдо клубының басшылығы әлем чемпионатындағы нәтижесі үшін сыйлаған.

Айта кетейік, Әбиба жақында Венгрия астанасы Будапештте өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдені олжалаған еді. 48 келі салмақта сынға түскен отандасымыз финалға дейін жетіп, ақтық сында италиялық Ассунто Скуттодан жеңіліп қалды. Еске салайық, Әбужақынова сол әлем чемпионатында ел қоржынына жалғыз жүлдені салған еді. Сонымен қатар ол дзюдодан әлем чемпионатының финалында өнер көрсеткен алғашқы қазақ қызы атанды. Осы жеңісінің арқасында Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілген еді.

"Жеңіс" дзюдо клубы – 2022 жылы Қарағанды қаласында құрылды. Спорт клубының негізін қалаушы - Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) президентінің кеңесшісі, дзюдодан Азия чемпионатының жүлдегері Алмаз Әлсенов.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 30 Маусым, 2025 16:52
Талқылау