Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының дайындығына жаңа әдістеме енгізіледі

Даңқты италиялық дзюдошы, олимпиада чемпионы және екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эцио Гамба бастаған құрам дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасымен ынтымақтастықты бастады. Бұл  туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi 

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының дайындығына Эцио Гамба бастаған құрам ынтымақтастықты бастады. Бұл ынтымақтастық аясында халықаралық аренада өзінің тиімділігін дәлелдеген жаңа дайындық әдістемесі енгізіліп жатыр. Гамбаның жетекшілігімен Италия құрамасы 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алса, ал Ресей құрамасын жаттықтырған кезінде Лондон Олимпиадасында оның шәкірттері 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеген.

Айта кетейік, екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Роберт Мшвидобадзе, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Батрадз Кайтмазов және жапониялық тәжірибелі маман Цунода Цуёси бастаған Гамбаның командасы ұлттық құраманың жаттығу үдерісіне жан-жақты қолдау көрсетуде. Олардың тәжірибесі мен инновациялық тәсілдері отандық дзюдоны жаңа жетістіктерге жеткізудің қуатты құралы болмақ.

Талқылау