Дзюдодан әлем чемпионатында Эсмигүл Куюлова бірінші айналымда жеңіліп қалды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Эсмигүл Куюлова алғашқы айналымда жарыс жолынан шығып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарыстың төртінші күні 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Куюлова словениялық Кая Кайзермен белдесіп, қарсыласына есе жіберді. Осылайша, Эсмигүл Куюлова әлем чемпионатындағы жолын бірінші кезеңде аяқтады.
Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатын бір ғана медальмен аяқтады. Еске салайық, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбиба Әбужақынова күміс жүлдегер атанған еді.
Айта кетейік, ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақ санатында отандасымыз Абылайхан Жұбаназар алғашқы белдесуінде жеңіске жетті. Ол молдовалық Петру Пеливаннан басым түсті.
Бұған дейін, Қазақстан құрамасының сапында ерлер арасында татамиге шыққан Париж олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, 73 келі салмақта Есет Қуанов және 60 келіде Мағжан Шамшадин мен Шерзод Давлатов жеңіліс тапқан еді.

Маңғыстауда тұрғындардың үйлерін, көшелерін қоңыз басты: Аумақтық инспекция жәндіктермен күресті халықтың өзіне қалдырды (видео)
