Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джей Зи алғаш рет Бейонсенің көзіне шөп салғанын мойындады

Бірнеше жыл бұрын Джей Зи мен Бейонсенің отбасында ауыр кезең өткен еді. Рэп орындаушысы әйелінің көзіне шөп салып, ерлі-зайыптылар ажырасып кете жаздаған. Бейонсе Lemonade ән альбомы арқылы ішіндегі мұңын шығарып, әр әнінде сатқындық тақырыбын қозғаған-ды. Алайда жұлдызды жұп отбасындағы бұл жағдайды ел алдында жариялай қоймаған. Ендігі Джей Зидің өзі жасаған опасыздығын мойындап, өмірінде не болғанын ашып айтты, – деп хабарлайды The New York Times басылымына сілтеп Stan.kz.

Басылымға берген сұхбатында әнші сүйген адамымын тіл табыса алмағанын айтты.

«Кейде өмір үшін күреске түсесің. Мұндай қатаң тәртіпті негізге алған кезде, өзіңді тиісінше ұстай бастайсың. Ішіңде барлық сезімді тұншықтыруға тура келеді. Тіпті әйелдерге де сезіміңді көрсетіп, тіл табыса алмайсың… Менің жағдайымда бәрі бұдан да күрделірек. Осыдан келіп опасыздық пайда болады», – дейді рэп орындаушысы.

Джей Зи ол уақытта әйелімен арадағы қарым-қатынасы қиындап кетіп, ажырасуға шақ қалғанын айтты.

«Көптеген адам кетіп қалғанды жөн көреді. Олардың көбі өзінің қандай екенін сырт көзбен көре алмайды, сондықтан ажырасу жағдайы жиіліп кетті», – дейді Джей Зи.

Ал қазіргі уақытта Джей Зи мен Бейонсенің арасында бәрі жақсы. Ерлі-зайыптылар көктемде Руми және Сэр есімді егіздердің ата-анасы атанып, бақытты өмір кешуде.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртас «Жүрегіңнен бір орын бер» әнінің авторына қаламақысын төлемей қойған

Кезінде Димаш Құдайбергенді сынаған Бағым Мұхитденова: Пікірім әлі өзгерген жоқ

Димаштың жаңа əні Қытайда рекорд орнатты (видео)

Бағым Мұхитденова алғаш рет Мөлдір Әуелбекованың сатқындығы жайлы шындықты айтты

Талқылау