Дженнифер Лопес жазда Астанада концерт өткізеді
Танымал әлем жұлдызы Дженнифер Лопес Астанаға концерт беруге келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында осы жазда Қазақстанның астанасында өнер көрсетеді. Бұл туралы турдың ресми парақшасында жарияланды.
"Осы жазда бірнеше таңдаулы шоуда өнер көрсетемін. Сахнаға қайта оралып, бәріңізбен жүздесуді асыға күтемін. Тым көп уақыт өтті. Бұл керемет жаз болады", – деп жазды әнші 7 сәуірде.
-
"Олар менің Майкл Джексон емес екенімді білмейді-ау": 50 Cent Алматыдағы ән сапарының әсерін бөлісті
Билет туралы ақпарат турненің Instagram-дағы ресми парақшасында осы аптада жарияланады. Оның жазғы концерттерінің кестесі де сонда жарияланған. Дженнифер Лопес Астанаға Абу-Дабиден келіп, Astana Arena-да өнер көрсетеді.
Еске салайық, америкалық әнші Дженнифер Лопеспен сөйлескен қазақ қызы қызу талқыға түскен еді.