Дженнер VS Айсәуле: Танымал қазақ қыздары шетел жұлдыздарына еліктеуге неге құмар? (фото)
Қазақстанның танымал бикештері Голливуд жұлдыздарының образдарын жиі қайталайды. Әлемге әйгілі жұлдыздар сияқты киінсек, біздің де мерейіміз асып, танымалдылығымыз артатын шығар деп ойлай ма екен, кім білсін?
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Жуырда танымал продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек достарының үйлену тойында елден ерекше болып жүрді. Әдеттегідей жұрттың назарын өзіне аударғанды жақсы көретін Айсәуле үйлену тойына қымбат брендтік көйлегін киіп келді. Желіге жүктей салысымен-ақ, фолловерлер оны “ашық-шашық киінді” деп сынады.
Ал ең аңғарымпаз оқырмандар дәл осындай көйлекті америкалық модель Кендалл Дженнердің киіп шыққанын айтты. Тексере келе, біз де Кендалл мен Айсәуленің көйлегінің ұқсайтынын байқадық. Ал сіз не дейсіз, оқырман?
Жіберіп алмаңыз:
Жерлестерін көріп шабыттанып кеткен Баян көпшіліктің алдында бас иді (видео)
Ақбота мен Дәуреннің қандай сериалға түсіп жатқаны белгілі болды
“Титаниктің” бас кейіпкерлері бірге демалып жатқан жерлерінен ұсталып қалды (фото)
Италияның танымал әншісі Рамазотти астаналық полицеймен ән шырқады (видео)