Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дұрыс ұйықтамағанның кесірі тиді": Әнші Кеңес Әлімжан жол апатына түсті

Танымал әнші Кеңес Әлімжан жол апатына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kenes.alimzhan/

Оқиға Тараз өңірі маңында болған. Өнер иесі тойға асығып бара жатқан. Әнші басқарған көлікке қарсы беттен қатты жылдамдықпен, адам толы Alphard шыққан.

“Құрметті жақсылар! Барша жанашырларыма рақмет! Әлеуметтік желіден менің жол апатына түскенімді оқып жатырсыздар! Аллаға шүкір, аман-есенбіз. Жайсыз хабардың таралып кетуін қаламаған едім. Бірақ жан-жақтан хабарласып, тілеулес болып жатқан ағайынға мың алғыс! Дұрыс ұйықтап жүріңіздер! Ұйықтамағанның кесірінен қалғып кетіп, жолдан шығып кеттім. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан көлікке соқпай, өтіп кеттік. Менің жағдайым жақсы. Темір де орнына келер. Ең бастысы, аман қалдық”, – деді әнші. 



Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 6 ақпан күні қала сыртындағы жолда Toyota Camry мен КамАЗ соқтығысқан. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Талқылау