Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дұрыс шешім қабылдады": Тұрғымбаев Әл-Фараби даңғылында 80 км/сағат жылдамдықтың қайта енгізілуі туралы

Еліміздің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолында жылдамдықтың сағатына 80 шақырым болып қайта енгізілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр үкімет отырысының кулуарында Әл-Фараби даңғылының сағатына 80 шақырым жылдамдыққа сәйкес қарастырылғанын атап өтті.

«Мұндай жылдамдық бұған дейін де болған. Бұл даңғылда бағдаршамдар жоқ деуге болады. Сол жаққа бұрылыс та жоқ. Халықаралық стандарттар бойынша, бұл даңғылдың бастапқыда салынуына қатысты тосқауыл болатын шектеулер жоқ. Әкім дұрыс шешім қабылдады деп санаймын», - дейді Ерлан Тұрғымбаев.

Еске сала кетсек, Алматыдағы Шығыс айналма жолы және Әл-Фараби даңғылына қайтадан 80 км / сағ жылдамдық режимі енгізілген еді. Сонымен қатар Сайын көшесінде жылдамдық сағатына 60-тан 80 шақырымға дейін өзгереді.

Талқылау