Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дұрыс өмір сүрмей жүрміз": Жазира Байырбекова ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді

Танымал әнші Жазира Байырбекова ғашықтар күні қарсаңында ер мен әйелдің қарым-қатынасын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі жолдасының жиі қуанта бермейтінін жазды. 

“Жиі гүл сыйламаса да, көліктің есігін ашып бермесе де, тамағымды ішкен сайын рақмет айтпаса да жақсы өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі психологтардың айтқанын тыңдасақ дым дұрыс өмір сүрмей жүр екенбіз. Жай, әшейін өмір сүре берейікші”, – деп жазды әнші. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнерлі жұптың отбасындағы қарым-қатынасын қызу талқылап жатыр. 

“Аппақ жігіт пен Жазира сұлу, бақытты болыңдар! Сол гүл солып қалады, есікті ашуға Алла қол берді, тамақты отбасы үшін жасаймыз. Бастысы, ниет дұрыс болсын”, “Өте орынды айтты”, “Қазір психологты тыңдасаң, ажырасып тынасың”, “Біздің де отағасы гүл сыйлауды біле бермейді”, – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, Жазира Байырбекова жақсылық жасарда сақ болуға шақырған еді.  

Талқылау