Душанбеде 2030 жылға дейін электрсамокаттар мен электрскутерлер қозғалысына тыйым салынды
Фото: globallookpress.com
Душанбеде 2030 жылға дейін электрсамокаттар мен электрскутерлер қозғалысына тыйым салынды. Мемлекеттік тәртіппен тіркелген көлік құралдарына ғана бұл шектеу қолданылмайды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Душанбе қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, тиісті қаулы қаланың халық депутаттары жиналысында қабылданған.
"Электрсамокаттардың, электрскутерлердің және басқа да жеке көлік құралдарының автомобиль жолдарымен және жаяу жүргіншілер аймақтарымен қозғалысы 2030 жылға дейін уақытша тоқтатылады. Тек арнайы бөлінген орындарда ғана рұқсат етіледі", – делінген құжатта.
Полицияның түсіндіруінше, мұндай шешім қалада тәртіп орнату және осы көлік түрлерімен байланысты жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында қабылданған.
Шектеу бұндай көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану үшін қажет инфрақұрылым толық құрылғанға дейін сақталады.
Қазір қазақстандықтар бұл екі дөңгелекті көліктің қозғалысына толықтай тыйым салуды талап етіп, жаңа петиция жариялаған. Бұған дейін Қазақстанда самокаттардың тротуарда жүруіне тыйым салуды талап ететін петиция жарияланған еді.

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
