Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы қырғыздардың ұлттық спортынан финалға шықты
Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы қырғыздардың ұлттық спорты саналатын Көк бөріден финалға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан құрамасы қырғыз халқының ұлттық ат спорты саналатын Көк бөріден финалға жолдама алды. Ойын ережесі бойынша, серкені жерден алып үлгерген шабандоз оны қарсылас команданың қазандығына салуы керек. Құрамамыз жартылай финалда Түркия командасымен ойнап, 15:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қазақстанның финалдағы қарсыласы Қырғызстан – Ресей ойынынан кейін анықталады. Финалдық бәсеке 12 қыркүйекте 16:30-да басталады.
Айта кетейік, бұған дейін көкпардан Қазақстан құрамасы жартылай финалда Ресей командасын жеңіп, Көшпенділер ойындарының финалына өткен еді. Енді қазақ көкпаршылары ертең қырғыз спортшыларымен алтынға таласады.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

