Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда COVID-19 ауруының көбейгеніне дабыл қағуда
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Қытайдағы кең ауқымды коронавирус толқынына алаңдаушылық білдірді және ел билігін халықтың осал топтарын вакцинациялауды тездетуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қытайда пандемиядан 386,2 мың адам коронавирус жұқтырған және 5,2 мың адам инфекцияның салдарынан қайтыс болған. 2020 жылдан бастап Қытай билігі COVID-19-ға "нөлдік төзімділік" саясатын ұстанды.
"ДДҰ Қытайдағы жағдайдың дамуына, аурудың өршуіне қатты алаңдайды", - деді Гебрейесус.
Осы көктемде Гебрейесус "нөлдік COVID" саясатын сынға алды. Ол қытайлық сарапшылармен вирус туралы жаңа ақпаратқа байланысты басқа көзқарас қажеттігін талқылаған.
Алайда желтоқсанның басында Қытай билігі вирустың таралуын тежеу үшін қабылданған бірқатар шектеулерді алып тастады. Бұған дейін Қытайдың бірнеше қалаларында биліктің COVID-19-ға қарсы қолданған шараларына наразылық акциялары өткен.