Дүниежүзілік Бейбітшілік Кеңесі Газаға көмек ретінде миллиардтаған доллар қаржы бөледі – Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп 15 ақпанда Truth Social әлеуметтік желісінде Бейбітшілік кеңесінің құрамындағы мемлекетте Газаға гуманитарлық көмек көрсетіп, қалпына келтіру жұмыстарына миллиардтаған доллар қаржы бөлуге уәде бергенін жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Бейбітшілік кеңесінің әлеуеті шексіз” деп бастады жазбасын Ақүй басшысы.
“Былтыр қазан айында мен Газа қақтығысын түбегейлі тоқтату жоспарын ұсындым және біздің тұжырымдамамыз United Nations Security Council тарапынан бірауыздан қабылданды”, – делінген жазбада.
Кейін Трамп гуманитарлық көмек жедел түрде қамтамасыз етіліп, барлық кепілге алынғандар босатылғанын айтты.
“Бар болғаны бір ай бұрын жиырмаға жуық беделді құрылтайшы Швейцарияның Давос қаласында менімен бірге Кеңестің ресми құрылғанын атап өтті. Газа тұрғындарына, кейінірек Газа аумағынан тыс жерлерде де бейбіт тұрғындарға көмек көрсету жөніндегі тұжырымдаманы таныстырды”, – деді президент.
Трамп Бейбітшілік кеңесінің мүшелерімен кездесу өтетінін, онда Газаға халықаралық қолдау көрсететінін мәлімдеді.
“19 ақпанда Мен Вашингтон қаласындағы Дональд Дж. Трамптың Бейбітшілік институтында Бейбітшілік кеңесінің мүшелерімен қайта кездесемін. Сол жерде мүше мемлекеттердің Газаға гуманитарлық көмек пен қалпына келтіру жұмыстарына 5 миллиард доллардан астам қаржы бөлуге уәде бергенін айтамыз. Сонымен қатар олар Газа тұрғындарының қауіпсіздігі мен бейбіт өмірін қамтамасыз ету үшін Халықаралық тұрақтандыру күштері мен жергілікті полиция құрамына мыңдаған қызметкер жіберуге міндеттеледі”, – деді ол.
Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесі тарихтағы ең маңызды халықаралық органға айналатынын және оның төрағасы болу үлкен мәртебе екенін атап өтті.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты