Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Дүние жүзіндегі өлімнің негізгі себебі": Ғалымдар пластиктен жасалған ыдыстардың адам денсаулығына зиянын зерттеді

Фото: freepik.com

Әлемдік ғалымдар пластиктен жасалған контейнер ыдыстардың адам денсаулығына зиянын зерттеді. Ғалымдардың айтуынша, оның құрамындағы химиялық заттар 2018 жылы әлемдегі барлық жүрек-қан тамырлары өлімінің 10% - дан астамын тудырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Зерттеуге сүйенсек, флатата химиялық заты азық-түлік сақтауға арналған контейнерлерде, сусабындар, косметика, парфюмерия және балалар ойыншықтары сияқты тұтыну өнімдерінде кездеседі.

“Фталаттар коронарлық артериялардағы қабыну мен жүйелі қабынуды тудырады. Бұл ауруды жеделдетіп, ауыр салдарға, соның ішінде өлімге әкелуі мүмкін",-деді Нью – Йорк университетінің Гроссман Медицина мектебінің педиатрия және халық денсаулығы профессоры, аға автор доктор Леонардо Трасанде.

Сонымен қатар ғалымдар фталаттардың тестостерон деңгейін бұзатынын да алға тартты. 

"Фталаттар мен дүние жүзіндегі өлімнің негізгі себебі арасындағы байланысты атап көрсете отырып, біздің нәтижелеріміз бұл химиялық заттардың адам денсаулығына үлкен қауіп төндіретіні туралы көптеген дәлелдерді толықтырады", — деді Хайман мәлімдемесінде.

Гүлсезім Мұхатай
Жексенбі, 04 Мамыр, 2025 10:43
Талқылау