“Машина емес, нан алып тұрған сияқты”: Тұрсен Алагөзов өгей қызы Айару Бақытбекке көлік сыйлады
Фото: Stan.kz
Танымал кәсіпкер Тұрсен Алагөзов өгей қызы Айаруға көлік мінгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер Айару Бақытбек Porsche автосалонынан видео жариялады.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, Айарудың эмоциясын қызу талқылап жатыр. Өйткені продюсердің қызының жүзінен күлкі байқалмады.
“Машина емес, нан алып тұрған сияқты”, “Эмоциясы жоқ, талайын мінген тоқ балалар ғой", "Баянның балаларын жақсы тәрбиелеген”, “Біз телефон алсақ, жылап қаламыз”, “Маған көлік сыйлаңдаршы, эмоциямды көрсетейін”, – деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, Тұрсен Алагөзов қызметкерлеріне 100 пәтердің кілтін сыйлағанын жазған едік.
“Тұрсен, мен бүкіл Қазақстанға сенімен мақтанатынымды айтқым келеді. Сені мақтан тұтамын! Жарайсың! Бүгін қызметкерлерді шақырды. Бірақ олар не үшін шақырғанын білмейді. Оларға тосынсый болды. Барлығы мақтау грамоталарын табыстайды деп ойлады. Неге күйеуіммен мақтанамын? Себебі ол әрқашан өз қызметкерлерін ойлап жүреді. Президентіміз айтқандай әлеуметтік жағдайларын ойлайтын бизнесмен. Бұлай жасау екінің бірінің қолынан келмейді", – деген еді Баян Алагөзова.
@tursengali.a ♬ son original - Jbjumpingggg

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
