"Дубайдан пәтер алды": Желі қолданушылары қайырымдылық жасайтын блогер Ырысбала Икрамбайды тексеруді талап етті

Танымал блогер Ырысбала Икрамбайға қатысты дау шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушысы қайырымдылықпен айналысып, танымалдылығы артқан блогердің қаржы есебін тексеруді талап етті.
"Ырысбаланы да тексеру керек. Үй салып жатыр, Дубайдан пәтер алды", – деп жазды бір оқырман. Одан кейін блогердің тез байып кеткені де қызу талқыға түсті.
Блогер өз кезегінде оқырманының сөзін жауапсыз қалдырмады.
“Айналайындар, жәрдемақының өзін отбасындағы табысқа қарап берейін деп жатқан үкімет сендерге ақымақ емес қой. Егер 50 миллионнан астам қаржыға мүлік алсаң, банктегі есепшотың бұғатталады. Сосын кіріс көзіңді дәлелдеуге тура келеді. Декларация, салық, бәрі тексеріледі. Сендерсіз де бәрі бақылауда", – деді Ырысбала өз парақшасында.
@ellomen_777 #рекомендации #ырысбалаикрамбай ♬ оригинальный звук - 𝔼𝕝𝕝𝕠𝕞𝕖𝕟 ㋡
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық