Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

13 жыл бұрын ер адамды соққыға жыққан қазақстандық Дубайдан экстрадицияланды

Дубайдан экстрадицияланған қазақФото: Бас прокуратура

Дубайдан 13 жыл бұрын басқа ер адамға дене жарақатын келтірген қазақстандық экстрадицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, ол бұған дейін іздеуде болған. Ол 2012 жылдың 25 наурызында Теміртау қаласында бұзақылық ниетпен жәбірленушіге себепсіз бірнеше рет дене жарақатын салып, екі жерінен жақ сүйегін сындырды деген күдікке ілінді. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетіп, 12 жылдан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында анықталды.



“Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің көмегімен Дубай қаласынан бұзақылық ниетпен жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін күдіктіні қайтарды. Қазір күдікті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан полициясына тапсырылды”, – делінген хабарламада.

STAN.KZ
Сейсенбі, 08 Шілде, 2025 11:36
Талқылау