Дубайда өзін өлтірмекші болған жігіттен қашқан бойжеткен алтыншы қабаттан секіріп кетті
Келісімшарт бойынша Дубайда жұмыс істеп жүрген ресейлік модель Екатерина Стецюк алтыншы қабаттынан секіріп кетті. Иркуртск қаласының тұрғыны мазасын алған жігіттен құтылу үшін терезеден секіруге мәжбүр болған.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қыздың жолы болып аман қалған. Бірақ бойжеткен омыртқасын сындырып алғандықтан, өз бетімен жүріп, қозғала алмайды. Бұл туралы Life.ru хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Белгілі болғандай, 22 жастағы модель БАӘ келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген. Алайда бойжеткенге шетелдік жігіт ғашық болып, қызға маза бермеген. Ресейлік модельден оң жауап алмаған шетел азаматы қызды бөлмесінде өлтірмекші болған. Қашып кетпекші болған күдікті Дубай әуежайында қолға түсті.
«Онда не болғанын қызымның әңгімесінен ғана білдім. Ол жерде заң мүлдем басқа. Сондықтан жағдайдың одан әрі дамуына алаңдаулымыз», – дейді Екатеринаның анасы.
Ресейлік модель қазірдің өзінде екі отадан өтті. Қыздың жұлынына зиян келмегендіктен, дәрігерлер оны сауығып кетеді дейді.
Ал Екатеринаның достары оңалтуға және қымбат ота жасатуға ақша жинай бастады. Соманың бір бөлігі жиналғанымен, әлі 900 мың рубль қажет.
Ресейдің Дубайдағы бас консулдығы жағдайды мұқият зерттеп, модельді жан-жақты қолдап, оны қамтамасыз етеді. Ресей Федерациясының бас консулы Гоча Буачидзе оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр дейді.
Жіберіп алмаңыз:
Ақша тым көп: Канадада 500 дәрігер өз жалақыларының көтерілуіне қарсы шықты
11 жасар қыз әкесінің өмірі үшін 5 келі салмақ қосты
Желіде ханзада Гарридің қалыңдығының жалаңаштанған суреттері жарияланды
Балабақша тәрбиешісінің 1 жасар қызды аяусыз ұрғаны видеоға түсіп қалды (видео)